Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құран жарысы ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.03.2026 320 0 пікір
Маңғыстау: Құран жарысы ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар Қасиетті Құранның «Дұха» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі аяттарды жатқа оқып, өз білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың Құранды дұрыс оқуына, тәжуид ережелерін сақтауына және жаттау деңгейіне ерекше мән берді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға ақшалай және арнайы сыйлықтар табысталды.
           

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру