Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте ауызашар дастарханы жайылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.02.2026 642 0 пікір
Шымкентте ауызашар дастарханы жайылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында және «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен жүзеге асты. Қаладағы орталық мешіттен бастап 60-тан астам мешітте арнайы ауызашар орындары мен асханалар әзірленді.

Берекелі дастархан басында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, көкейдегі сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеу мақсатында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылды.

Жалпы, қасиетті Рамазан айының бір күнінде 60 мешітте өткен ауызашарға 9500 адам қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру