Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Студенттерге ауызашар ұйымдастырылды

Қызылорда облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 25.02.2026 525 0 пікір
Қызылорда: Студенттерге ауызашар ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен студенттерге арналып ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кеште Сыр өңірінің Бас имамы Дастан Құрманбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерімен кездесіп, еркін форматта сұхбат жүргізді. Кездесу барысында Бас имам жастарға Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның тәрбиелік мәні, білім мен ізденістің маңызы, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілік туралы тағылымды насихат айтты.

Сонымен қатар студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып,  дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде ой қозғалды. Сұхбат соңында Дастан Құрманбаев «Мұғжиза» атты авторлық кітабын тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру