Алматы облысы аумағында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел мәртебесі мен отбасындағы орны» атты облыстық конференция өтті. Аталған шара қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға, әйел мәртебесін айқындауға және рухани тәрбие мәселелерін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Конференция барысында ислам дініндегі әйелдің қоғамдағы және отбасы институтындағы орны, оның жауапкершілігі мен қадір-қасиеті жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие және ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі кеңінен қозғалды.
Шараның тағылымды сәттерінің бірі – 97 жастағы қари әженің арнайы қатысып, ақ батасын беруі болды. Бұл ұрпақ сабақтастығы мен рухани жалғастықтың айқын көрінісі ретінде қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Жиында мазмұнды баяндамалар жасалып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Атап айтқанда, спикерлер Құралай Жарбол мен исламтанушы Ғажап Жайнагүл исламдағы әйел мәртебесі, отбасы құндылықтары және қазіргі қоғамдағы рухани тәрбиенің маңыздылығы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.02.2026
593
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру