Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Байқоңыр: «Берекелі Рамазан» рухани кеші өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.02.2026 493 0 пікір
Байқоңыр: «Берекелі Рамазан» рухани кеші өтті

Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде қасиетті айдың құрметіне арналған «Берекелі Рамазан» атты рухани іс-шара өтті.

Рухани кештің негізгі мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін кеңінен насихаттау, жамағат арасындағы ауызбіршілік пен рухани ынтымақты нығайту, сондай-ақ қоғамдағы ізгі құндылықтарды дәріптеу.

Құран аяттарымен басталған кеште мешіттің бас имамы Өміржан Тобжанов сөз алып, жиналған қауымды келе жатқан қасиетті аймен құттықтады. Өміржан Жұмаділдәұлы өз уағызында Рамазанның рухани мәніне тоқталып, сабыр мен тақуалықтың маңызы, мейірімділік пен өзара жәрдемдесудің сауабы, нәпсіні тәрбиелеудің артықшылықтары жайында тағылымды ойларымен бөлісті.

Жиынның мәдени-рухани мазмұнын белгілі айтыскер ақын, «Күміс домбыра» иегері Бексұлтан Орынбасардың арнауы толықтыра түсті. Ақын арнайы дайындаған «Берекелі Рамазан» жырын орындап, қасиетті айдың берекесі мен имандылықтың асыл құндылықтарын көркем сөзбен өрнектеді.

Іс-шара соңында жамағатпен бірге ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру