Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен Республикалық Бас мешітте өкілдікке қарасты мешіт имамдарының жиыны өтті.
Жиында қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, қала имамдарына нақты тапсырмалар берілді. Бас имам құлшылық орындарының Рамазанға дайын болуын қадағалап, әрбір мәселе бойынша жалпы жоспар мен жауапты қызметкерлерді бекітуді тапсырды.
Тарауих намаздарының тәртібі, қарилардың дайындығы, ай бойы ұйымдастырылатын ауызашар дастархандарының әзірлігі пысықталды. Сонымен қатар, қасиетті айда қайырымдылық шараларын жандандыру, халыққа оразаға қатысты ақпараттық материалдар мен ораза кестелерін дайындау тапсырылды.
Қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталады. Наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз ораза айт мерекесі болып белгіленген.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
13.02.2026
991
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру