Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңір имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Жиынды ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы жүргізді. Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2026 жылға арналған «Бағдарлық баяндамасы» таныстырылып, онда айқындалған негізгі бағыттар жан-жақты түсіндірілді.
Бас имам өз сөзінде Бас мүфтидің бағдарлық құжаты барша дін қызметкерлеріне ортақ бағыт-бағдар екенін атап өтті. Әр имам мешіттегі діни-ағартушылық жұмысты жандандырып, жамағатпен тығыз байланыс орнатуы қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар имамның қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, білімді жетілдіру, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту – басты міндет екенін айтты.
Алдағы қасиетті Рамазан айында тәртіп пен ұйымшылдықты сақтап, қайырымдылық және рухани насихат жұмыстарын күшейту қажеттігі ерекше атап өтілді.
Жиын барысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылып, өңір мешіттерінің алдағы міндеттері нақтыланды. Қасиетті Рамазан айына дайындық мәселелері талқыланып, ауызашар ұйымдастыру, тарауық намазын жүйелі өткізу, қайырымдылық шараларын үйлестіру және уағыз-насихат жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.02.2026
445
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру