Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мұсылманшылықтың тұтқасы еңбегінен дәріс өтуде

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2026 458 0 пікір
Алматы: Мұсылманшылықтың тұтқасы еңбегінен дәріс өтуде

Алматыдағы Нұр-Мүбарак мешіті жамағатына арналған дәрістер тізбегі аясында қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин жазған Мұсылманшылықтың тұтқасы еңбегі негізінде ақида, фиқһ және ихсан тақырыптары кеңінен түсіндірілді.

Дәрістер барысында иман негіздері, құлшылықтың орындалу тәртібі, мұсылманның көркем мінезі мен рухани тәрбиесі жайлы тағылымды насихаттар айтылды.

Қасиетті Рамазан айының жақындауына орай, жамағаттың сұранысы мен қажеттілігі ескеріліп, сабақтар бағыты ораза мәселелеріне ойыстырылды. Қазіргі таңда «Ораза бабы» бойынша дәрістер басталып, Рамазанға дайындық аясында оразаның үкімдері мен шарттары, оны бұзатын және бұзбайтын амалдар, ниет ету тәртібі, сәресі мен ауызашар әдебі сынды өзекті тақырыптар жүйелі түрде баяндалуда.

Ұстаз-имамдар бұл тағылымды сабақтар әрбір мұсылманға Рамазан айын сауатты түрде қарсы алып, құлшылықты біліммен әрі дұрыс орындауға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру