Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары имамдармен кездесті

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2026 448 0 пікір
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары имамдармен кездесті

Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы өңір имамдарымен кездесті. Басқосуда діни саладағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекет пен дін өкілдерінің өзара ықпалдастығы сөз болды.

Кездесу барысында Серік Жақсылықұлы еліміздің Ата заңына енгізілген өзгерістерге тоқталып, оның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ діни бағыттың ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөліне айрықша назар аударып, бұл бағытта имамдармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Мемлекет тарапынан діни қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Жиында Асқар Зәкіржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы, сөз алып, елге және жерге қызмет ету, заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың, соның ішінде дін қызметкерлерінің басты міндеті екенін атап өтті. Ол көршілес мемлекеттердегі түрлі жағдайларды мысалға келтіре отырып, Қазақстандағы татулық пен тұрақтылықты сақтау – ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру