Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Рамазан айына дайындық аясында «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті.
Тағылымды шараға Халал Даму стандартизация және сертификация орталығы Жамбыл облысы өкілдігіне қарасты технолог маманы Аймекен Амангелдіқызы арнайы қатысып, мазмұнды баяндама жасады.
Семинар барысында адал астың мұсылман өміріндегі маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ тағам құрамындағы қоспалардың халал талаптарына сәйкестігін анықтау жолдары слайд арқылы көрсетіліп, заманауи өндірістегі қоспалар мен белгілеулерге қатысты нақты мәліметтер ұсынылды.
Маман халал өнімді таңдауда тұтынушы нені ескеруі тиіс екенін нақты мысалдармен баяндап, күнделікті тұрмыста жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. Әсіресе, өнім жапсырмасындағы құрамды оқу мәдениеті мен сенімді сертификат белгілеріне назар аудару қажеттігі айтылды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.02.2026
245
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру