Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай облысы имамдарының жиыны өтті

Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 27.01.2026 973 0 пікір
Абай облысы имамдарының жиыны өтті

Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлының жетекшілігімен Абай облысына қарасты қала және аудан имамдарының 2026 жылғы алқалы жиыны өтті.

Жиынның шымылдығын «Абай Құнанбайұлы» мешітінің ұстазы Ералы қари Нугуман Құран аяттарымен ашты.

Ауқымды жиналыс барысында Асқар қажы Әбітайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасын таныстырып, имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Абай облысы бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың есебі баяндалды. Жиын барысында 2026 жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланғаны еске салынды және осы жылға арналған іс-шаралар жоспары имамдарға жеткізілді.

Жиналыс барысында қатысушыларға «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымы» туралы ақпарат беріліп, қала-аудан имамдарына жыл бойы бекітілген жоспар негізінде аянбай еңбек етуге, сондай-ақ ауылдық мешіт имамдарын да осы жоспарға сәйкес қызмет етуге баулу міндеті қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру