Атырау қаласында өңірдегі дін саласында жемісті еңбек етіп жүрген имамдарға марапаттар табыс етілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен Атырау облысындағы бірқатар мешіт имамдары құрметтелді.
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиын барысында дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтауға, діни сауаттылықты арттыруға, ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ қайырымдылық пен игі істерді жүзеге асыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Имамдар ел бірлігін нығайту, жастарға дұрыс бағыт беру және жат діни ағымдардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс атқарып келе жатқанын жеткізді. Марапат – олардың қажырлы еңбегіне көрсетілген жоғары баға әрі алдағы қызметтеріне берілген сенімнің белгісі.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
27.01.2026
1013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру