Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен Атырау облысы имамдарының алқалы жиыны өтті. Басқосуға қала, аудан және ауыл мешіттерінде қызмет ететін имамдар қатысты.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспары имамдарға таныстырылды.
Атап айтқанда, ихсан мен насихатты күшейту, діни оқу-ағарту жұмыстарын жүйелеу, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағыттарында жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Сонымен қатар, жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы қатысып, биылғы жылы жергілікті атқарушы орган тарапынан дін қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспары мен негізгі бағыттарына тоқталды.























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
27.01.2026
998
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру