Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Ақида ілімі бойынша сайыс өтті

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 27.01.2026 1063 0 пікір
СҚО: Ақида ілімі бойынша сайыс өтті

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ақида ілімі бойынша Имам Әбу Ханифаның «Уасия» кітабы негізінде білім сайысы өтті. Шара мешіттің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы жүргізіп келе жатқан тұрақты ақида сабақтарының екінші кітабы аяқталуына орай ұйымдастырылды.

Наиб имам әр дүйсенбі және жұма күндері құптан намазынан кейін жамағатқа ақида дәрістерін өткізіп, сенім іліміне деген қызығушылықты жүйелі түрде арттырып келеді.

Сайыс қорытындысы бойынша: І орын – Байзақ Әлішер ІІ орын – Сапар Саібжанұлы ІІІ орын – Еділ Зікірин

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Хамзат Қажумұратұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай білім сайыстары жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Аталған сайысқа 20-ға жуық жамағат мүшесі қатысып, өз білімдерін сынға салды. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру