Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Ислам және адал қоғам» жылы аясында алғашқы жиын өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.01.2026 1038 0 пікір
Маңғыстау: «Ислам және адал қоғам» жылы аясында алғашқы жиын өтті

Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жамағат отырысының алғашқы жиыны өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» бастамасы қоғамда, жамағат арасында және қызмет саласында адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын жүйелі түрде нығайтуды көздейді.

Жиын барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дәулетайұлы зікірдің мәні мен маңызы туралы уағыз-насихат айтып, жамағатты рухани тазалық пен кемелдікке үндеді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы ислам ғалымдарының өмірбаяны мен өнегелі жолы жайында тағылымды баяндама жасады.

Ал облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өңірде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, жамағатты бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру