Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытауда шағбан айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті

Ұлытау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.01.2026 860 0 пікір
Ұлытауда шағбан айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті

Шағбан айының құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облыстық өкілдігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.

Игі іс қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды. Қайырымдылық көмегіне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері енгізілді.

Мұндай сауапты амалдар мұсылманның көркем мінезін айшықтай түсетіні сөзсіз. Алла Тағала қайырымды іске атсалысқан барша жамағаттың ықыласын қабыл алып, разы болғай!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру