Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ертіс-Баян өңірі имамдарының жиыны өтті

Павлодар облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.01.2026 791 0 пікір
Ертіс-Баян өңірі имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ-ның бастамасымен биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланып, 2026 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді.

Осыған орай Ертіс-Баян өңірі имамдарының жылдың алғашқы алқалы жиыны «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтті.

Басқосуға барлық қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты. Жиын Құран Кәрім оқылып, бата берумен басталды.

Жиында облыстың бас имамы Бертыртұратоа Жолдас Қоспақұлы өкілдіктің 2025 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында айқындалған міндеттер мен тапсырмаларды кеңінен таныстырды. Сонымен қатар аталған тапсырмаларды өңірде жүзеге асыру жолдарын нақтылап өтті.

Атап айтқанда, 2026 жылы негізгі төрт бағытқа — ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілетіні айтылды. Осы бағыттар аясында өңір көлемінде жүйелі әрі мазмұнды іс-шараларды тұрақты түрде өткізу тапсырылды.

Жиын соңында 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген бірқатар имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpg

8.jpg

9.jpeg

10.jpeg

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру