Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Мешітке қызметтік көлік табыс етілді

09.01.2026 1115 0 пікір
БҚО: Мешітке қызметтік көлік табыс етілді

Орал қаласындағы облыстық орталық «Ар-Рахман» мешітіне жергілікті кәсіпкер су жаңа Hyundai Tucson маркалы қызметтік автокөлікті уақып ретінде сыйға тартты. Жұма намазына жиналған жамағат алдында Батыс Қазақстан облысының Бас имамы Самат Қанатқалиұлы автокөлік сертификатын мешіттің дін қызметкерлеріне табыстады.

Іс-шара барысында Бас имам бұл игі бастаманың мешіт қызметін жандандырып, діни-ағарту және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде атқаруға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ мешіт ұжымы мен жамағаты атынан қызметтік көлік алуға демеуші болған «Шымкент жасыл қала» ЖШС директоры Ұлан Алдабергеновке арнайы алғыс хат табысталып, шынайы ризашылық білдірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру