Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы мешіттердің дін қызметкерлерінің табанды еңбегі бағаланып, жыл соңында марапатқа ие болды. Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі басшысы мен «Жетісу жастары ұйымының конгресі» төрағасының атынан 25 дін қызметкеріне Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Марапатқа ие болған қызметкерлер өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру, дін саласындағы оңалту жұмыстары мен сапалы кездесулерді ұйымдастырудағы елеулі үлестері үшін марапатталды. Бұл іс-шара дін қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін айқындап, олардың кәсіби жауапкершілігін көтеруге бағытталған.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.12.2025
1248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру