Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен өңір имамдарының жылдық есептік жиыны өтті.
Жиынға облыстағы барлық қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысып, 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген негізгі төрт бағыт бойынша атқарылған істердің нәтижелері сараланды. Атап айтқанда, «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары аясындағы жұмыстар мен аудан мешіттерінің жалпы жағдайы туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Қала және аудан имамдарының жылдық есептерін тыңдаған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, діни қызметтің жүйелі жүргізілгенін атап өтті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.12.2025
1869
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру