Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

27 Сәуір 2026

10 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Маңғыстау: Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 17.12.2025 860 0 пікір
Маңғыстау: Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында балалар «Маңғыстау» сауда үйіндегі ойын-сауық орталығына барып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бағдарламаларға куә болды. Сонымен қатар, балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, ақ дастархан жайылды.

Мерекелік жиында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің ел өміріндегі маңызына тоқталып, жас ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағы үшін дұға жасады.

         

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру