Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

27 Сәуір 2026

10 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Жезқазған қаласындағы мұсылман зираттары «Qamqor-Sharapat» орталығына сенімгерлік басқаруға берілмек

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.12.2025 942 0 пікір
Жезқазған қаласындағы мұсылман зираттары «Qamqor-Sharapat» орталығына сенімгерлік басқаруға берілмек

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында қала әкімінің төрағалығымен әкімдік ғимаратында кеңейтілген кездесу өтті. Басқосуға облыстың бас имамы, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және ақсақалдар алқасының өкілдері қатысты. 

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor-Sharapat» орталығының республика бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстыру жүргізілді. Атап айтқанда, мұсылман зираттарын бірізділікке келтіру, діни рәсімдерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелеу және халыққа қызмет көрсету бағытындағы жобалар талқыланды.

Жиын қорытындысында қатысушылар келесі жылдан бастап Жезқазған қаласындағы мұсылман зираттарын «Qamqor-Sharapat» орталығына сенімгерлік басқаруға беру жөнінде бірауыздан келісімге келді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру