Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдары жылды қорытындылады

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 11.12.2025 1064 0 пікір
Атырау имамдары жылды қорытындылады

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиыны өтті.

Алқалы басқосу Құран аяттарымен басталып, қасиетті Құран оқу мәртебесі «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Еркебұлан қариға берілді.

Бұдан кейін қала және аудан бас имамдары 2025 жылы атқарылған жұмыстардың жылдық есебін баяндап, ҚМДБ-ның негізгі төрт бағыты бойынша ақпарат ұсынды:

  • дін мен дәстүр бағыты – ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау шаралары;

  • уағыз-насихат және ақпараттық-ағартушылық жұмыс – әлеуметтік желідегі мазмұн, жамағатпен кездесулер;

  • діни оқу-ағарту – медреселер, курстар және тұрақты сабақтардың қызметі;

  • жат ағымдардан сақтандыру – діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары.

Сонымен бірге әйел-қыздар секторы, жастар ісі, халал, қайырымдылық, мешіт шаруашылығы және өзге де бөлімдерге жауапты мамандар жылдық есептерін таныстырды.

Жиынға Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қахарман Рахметұлы да қатысып, өңірдегі рухани бағыттағы серіктестікті нығайту маңызын атап өтті.

Жиын соңында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы имамдардың еңбегіне оң бағасын беріп, жаңа жылда жұмысты жүйелі жалғастыру, кемшіліктерді түзету және бірлік пен жауапкершілікпен қызмет етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру