Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Облыс имамдары жылды қорытындылады

Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 10.12.2025 819 0 пікір
Абай: Облыс имамдары жылды қорытындылады

Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте Абай облысы имамдарының 2025 жылғы қорытынды есеп беру жиыны өтті. Жиынның ашылуында Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы сөз сөйлеп, дін қызметкерлерінің Алла жолындағы сауапты қызметтеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, қалалық және аудандық мешіт имамдарының жылдық есептері тыңдалды.

Басқосуда мешіт имамдары ҚМДБ-ның 2025 жылға бекіткен «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» секілді 4 негізгі бағыт және тиісті бөлімдер бойынша атқарылған жұмыстарды презентация түрінде баяндап өтті.

Сондай-ақ, Абай облысы бойынша бағыттарға жауапты имамдар мен ұстаздар жиналған имамдарға семинар өткізіп, жыл бойғы жұмыстардың қорытындысын таныстырды.

Жиын соңында Асқар Әбітайұлы имамдардың жұмысын бағалап, бірқатар түзетулер енгізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы қарқынды сақтап, жұмыстарды жан-жақты жетілдіре түсу қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру