Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Имамдар жиналысы өтті

ШҚО өкілдігінің баспасөз қызметі naqyl.kz 09.12.2025 1039 0 пікір
ШҚО: Имамдар жиналысы өтті

ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде қала және аудан имамдарының жиналысы өтті. Басқосуда өкілдікке қарасты имамдар биылғы 10 айда атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді талқылады.

Жиында ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы облыстағы діни ахуалдың тұрақты екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ жат ағымдармен күрес, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, мешіттердің қысқы дайындығы, кадр тапшылығы сияқты мәселелерге тоқталды. Алдағы уақытта аудандарда ЖАНТ жұмысын күшейтіп, бес бағыт бойынша шараларды пәрменді жүргізуді тапсырды.

Жиында діни қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған курстар мен семинарларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастыру ұсынылды. Сонымен қатар бас имам имамдарға «ҚМДБ қызметкерлерінің қызметтік әдебін» қатаң сақтауды ескертті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру