Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Аудандық мешіт қасынан халал асхана ашылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 08.12.2025 1644 0 пікір
Шымкент: Аудандық мешіт қасынан халал асхана ашылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Төлеген ата мешітінде дін мен дәстүр сәйкес 200 орынды халал асхана ашылуы өтті.

Игі шараға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек және Абай аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара Құран оқумен басталды. Әуелі шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін найб имам Ахметжан Керімбек жеткізіп, ізгі ниет білдірді. 

Айта кетейік, аудан көлемінде мешіт ғимараты жанында 8 халал асхана салынып, ел игілігіне қызмет етуде. Сондай-ақ, қосымша 3 асхана ғимараты салынуда.  


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру