Жамбыл облыстық өкілдігінде жыл қорытындысына арналған жиын өтті. Оған барлық ауданның бас имамдары мен облыстық мешіт қызметкерлері қатысты. Жиында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар белгіленді.
Қала мен аудан имамдары жүргізген уағыз-насихат, оқу-ағарту бағытындағы іс-шаралар мен жетістіктерді баяндады. Кейбір аудандардағы кемшіліктер ескеріліп, келер жылы белсенділікті арттыру қажеттігі айтылды.
Жиында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы үздік деп танылған аудандарды марапаттады: Меркі ауданы – І орын, Талас ауданы – ІІ орын, Шу ауданы – ІІІ орын. Бірінші орын алған Меркі ауданына шипажайға жолдама табыс етілді.
Жиын соңында ақсақал имам Ғалымжан мырза алдағы жылға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
05.12.2025
1165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру