Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Әйел-қыздарға арналған каллиграфия курсы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.12.2025 599 0 пікір
Алматы: Әйел-қыздарға арналған каллиграфия курсы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен іске қосылған екі айлық каллиграфия курсы өз мәресіне жетті. Аталмыш білім беру бағдарламасы шәкірттерге араб жазуының көркем үлгілерін меңгертуді мақсат еткен болатын.

Курс барысында қатысушылар каллиграфия өнерінің «Сульс» стилін тәжірибелік және теориялық тұрғыдан толық меңгеріп, нәтижелі тәмамдады. Шара соңында мешіттің бас имамы Еркінбек Керімбекұлы шәкірттерге арнайы курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ курсты жүргізген маман Мұқсын Гүлжаздың еңбегі еленіп, оған Алғыс хат тапсырылды.

«Төле би» мешітінің ұжымы осындай игі бастамалар арқылы жастардың діни білімін арттыруды және көркем жазу өнеріне қызығушылығын дамытуды жалғастыра бермек.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру