Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

27 Сәуір 2026

10 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БҚО-да «Әйел – сезім мен шуақтың иесі, көркемдік пен кемелдіктің үлгісі» атты әйелдер форумы өтті

БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 27.11.2025 1049 0 пікір
БҚО-да «Әйел – сезім мен шуақтың иесі, көркемдік пен кемелдіктің үлгісі» атты әйелдер форумы өтті

ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы өкілдігі Әйел-қыздар секторы «Парасат» қоғамдық бірлестігі және «Мұнтаз медиа» ұжымымен бірлесе отырып Жастар сарайында «Әйел – сезім мен шуақтың иесі, көркемдік пен кемелдіктің үлгісі» атты ауқымды форум ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – қазақ әйелінің қоғамдағы мәртебесін айқындау, ұлт анасы ретіндегі биік орнын дәріптеу, қазіргі ақпараттық ортада өз құндылығын жоғалтып бара жатқан әйел болмысының қадір-қасиетін қайта жаңғырту. Форумға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және ҚМДБ Түркістан облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Мұратқызы арнайы қатысып, қатысушыларға тағылымды ойларын жеткізді.

Іс-шара аясында БҚО-дағы танымал дизайнерлердің ұлттық киімдер топтамасынан сәндік дефиле ұсынылды. Сондай-ақ пайдалы кітаптар, ұлттық тағамдар, тәттілер, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қатысушы әйелдер қауымы ақ орамал тағып, ұлттық нақыштағы киім үлгісінде келіп, кеш мазмұнын ерекше айшықтай түсті.

Форумнан кейін Орал қаласындағы «Сити центр» орталығында «Ажырасу — Алла сүймейтін іс» атты семинар өтті. Басқосуда некенің қасиеті, отбасы құндылықтары, ажырасудың алдын алу жолдары және сабыр, кешірім, түсіністік сияқты қасиеттердің маңызы кеңінен талқыланды. Спикерлер Ислам дініндегі некенің мәртебесі мен отбасын сақтау мәдениетінің қоғам үшін маңызын атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру