Өскемен қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының имамдары бас қосып, бірлескен жұмыс жиынын өткізді. Басқосуға екі өңірдің бас имамдары Думан Нәдірұлы мен Асқар Мұқанов, қалалық-аудандық мешіт имамдары, өкілдік қызметкерлері қатысты.
Жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына және бағдарлық баяндамасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы имамдары ҚМДБ-ның бес бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, әр бағыттың жауаптылары өз есептерін таныстырды. Жұмыс нәтижелері слайдтар арқылы көрсетіліп, тәжірибе алмасу жүргізілді.
Абай облысының Бас имамы Асқар Мұқанов жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, жиынның маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында Абай облысынан келген дін қызметкерлері «Халифа Алтай» мешітіндегі «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысып, Асқар Мұқанов жамағатқа бесін уағызын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
naqyl.kz
28.10.2025
776
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру