Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жоспарына сәйкес Республикалық бас мешітте әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Жақсы келін – ырысың» атты келіндер сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты — имани тәрбие мен ұлттық салт-дәстүрді ұштастыру, қыз-келіншектердің қазақы болмысқа қызығушылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, шәкірттер арасында ынтымақ пен шығармашылық байланысты нығайту.
Сайыс бес кезең бойынша өрбіді:
«Таныстыру», «Бесік жыры – ана жүрегінің үні», «Қолөнер – ұлттың көркі», «Салт-дәстүр сұрақтары», «Ұлттық дәм».
Соңғы бөлім аясында қатысушылар әзірлеген ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларды Бас мешіттің шәкірт-әжелері бағалады.
Шара соңында Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлы сөз сөйлеп, ұйымдастырушы ұстаздарға, қазылар мен қатысушыларға алғыс білдірді. Ол жаһандану кезеңінде ұлттық тәрбие мен қазақы болмысты сақтау маңызды екенін атап өтіп, осындай тәрбиелік шараларды жиі ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді.
Сайыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды:
– «Дана келін» — Әзел Ерланқызы
– «Әсем келін» — Айнұр Жұбатқанқызы
– «Көргенді келін» — Самал Нұрланқызы
– «Үлгілі келін» — Гүлзат Қайратқызы
– «Өнерлі келін» — Айдана Ақылбекқызы






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
26.10.2025
1625
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру