Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: XIV Республикалық Құран жарысына дайындық пысықталды

Жетісу облысы өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 30.08.2025 3362 0 пікір
Талдықорған: XIV Республикалық Құран жарысына дайындық  пысықталды

Жетісу облысына жұмыс сапарымен ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров келіп, Талдықорғандағы «Иман» облыстық мешітінде жамағатпен жүздесті. 

Жұма уағызында «Кітап оқудың пайдасы мен артықшылығы» тақырыбында насихат айтып, жұма намазын жүргізді. Одан кейін облыс имамдарымен кездесіп, уағыз айту әдебі мен тәртібі бойынша семинар өткізді.

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мәртебелі меймандарға алғыс айтып, ұстаздарға ілтипат білдірді.

Сапар аясында, Батыржан Мансұров пен ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов қазан айында өтетін «XIV Республикалық Құран жарысына» дайындық жұмыстарын пысықтап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, «XIV Республикалық Құран жарысы» 3-5 қазан күндері Талдықорғанда өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру