ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа бас имам тағайындалды. Бұл абыройлы қызметке Есет Таласбаев бекітілді.
Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданына арнайы ат басын тіреп, орталық "Толымбайтегі Зиятбек" мешітінде жамағатпен жұма намазын өткізді. Көпшілікке ауданның жаңа бас имамын таныстырып, дін саласына сіңірген еңбегін атап өтті.
Есет Таласбаев Тараз қаласындағы "Әзреті Әли" мешітінде имам қызметін атқарған болатын. Оған дейін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ұстаз, Жастар ісі секторының, Теріс ағыммен жұмыс, "Уақып" сынды бағыттар бойынша жауапты маман болған.
Жаңа бас имамның алдында жамағатты біріктіріп, асыл дінімізді өркендету жолында аянбай еңбек ету, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу сынды маңызды міндеттер тұр. Бұл тағайындау – аудан халқының рухани өмірінде жаңа серпін беретін игі қадам болмақ.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
30.08.2025
2925
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру