Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастыратын ХІV Республикалық Құран байқауына Ұлытау облысы бойынша іріктеу сайысы Жезқазған қаласындағы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде өтті.
Шараны облыстың Бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы ашып, Құранның артықшылығы мен жарыстың маңызына тоқталды. Байқауға 20 үміткер қатысып, Құран оқудың 4 номинациясы бойынша бақ сынады.
Қатысушылардың Құран оқудағы машығы мен тәжуид ережелерін халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері Яхия қари Сансызбайұлы, «Жез медресе» директоры Абдурроһман қари Асқарұлы және қари Әбілда Жанбота бағалады.
Нәтижесінде, мәнерлеп оқу бойынша І орынды – Набижанов Омар (70 000 тг), ІІ орынды – Чориев Абдулвахаб (50 000 тг), ІІІ орынды – Амангелді Саламат (30 000 тг) иеленді. Құранның 10 парасы бойынша І орын – Әбіл Нұрмұхаммад (70 000 тг), ІІ орын – Амантай Мухаммад-Юсуф (50 000 тг), ІІІ орын – Қонабаев Диасқа (30 000 тг) бұйырды. Ал 20 пара бойынша І орынды – Ермырза Айтжан (100 000 тг), ІІ орынды – Сейтбек Әмин (70 000 тг) жеңіп алды. 30 пара бойынша І орынға – Инаятуллаев Ануар (150 000 тг) лайық деп танылды.
Жүлделі І орын иегерлері ХІV Республикалық Құран байқауына жолдама алды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ahnaf.kz
28.07.2025
1713
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру