Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Науырзым ауданына жаңа имам тағайындалды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.07.2025 1220 0 пікір
Қостанай: Науырзым ауданына жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев Науырзым ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Сапар аясында жергілікті «Түркебай ата» мешітінде өткен кездесуде облыстың Бас имамы жамағатқа жаңадан тағайындалған Науырзым ауданының бас имамы Мәди Серікұлы Өтегенді таныстырды. Жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов, ауыл ақсақалдары, алқа мүшелері және жамағат өкілдері қатысты.

Бектұрсын Торғайбайұлы Мәди Серікұлының діни білімі мен тәжірибесіне тоқтала келе, жауапты қызметіне сәттілік тілеп, жамағаттың қолдауына ие болуына ниеттестік білдірді. Сондай-ақ осыған дейін аудан имамы қызметін атқарған Есет Ғабдымәлікке аудан әкімінің атынан Алғыс хат табысталды. Жергілікті ақсақалдар ақ батасын беріп, бұрынғы имамға ризашылықтарын жеткізді.

Сапар аясында аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жаңа имам Мәди Өтегенге «JAC S3» маркалы қызметтік автокөліктің кілті табысталды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру