Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Имани жаз – 2025» курсының алғашқы легі аяқталды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.07.2025 1127 0 пікір
Ақтөбе: «Имани жаз – 2025» курсының алғашқы легі аяқталды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен және облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің ұйымдастыруымен өткен «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.

Аталмыш курсқа облыс бойынша 715 мектеп жасындағы бала қатысып, оның 231-і қыз бала, 484-і ер бала болды. Оқыту «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алып, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жалғасты.

Курс барысында шәкірттер Құран әліппесін, намаз оқу тәртібін, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірбаянын және адамгершілікке тәрбиелейтін ахлақ дәрістерін оқыды. Сонымен қатар, түрлі тәрбиелік ойындар, табиғат аясындағы серуендер, мұражай мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Салтанатты қорытынды жиында «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Аймұрза Досбол діни білімнің маңыздылығына тоқталып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Курсты сәтті аяқтаған оқушыларға Бас имамның атынан сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру