Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.06.2025 1734 0 пікір
ШҚО: «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастыратын дәстүрлі «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өз мәресіне жетті.

Курс аясында жасөспірім шәкірттер Құран әліппесін, намаз оқу тәртібін, ислам негіздерін, сондай-ақ әдеп пен көркем мінез-құлық қағидаларын үйреніп, рухани тәлім алды. Сонымен қатар, елжандылық, отансүйгіштік, отбасы құндылығы тақырыптарында тәрбиелік бағыттағы дәрістер өткізілді.

Курс барысында шәкірттер арасында Құран оқу сайысы, әдеп сабағынан байқау, мәдени және спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсене атсалысты.

Салтанатты қорытынды рәсімде шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, оларға мешіт тарапынан тәттілер мен сыйлықтар таратылды.

Ата-аналар тарапынан ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріліп, мешіт ұжымы мен ұстаздарға алғыс айтылды.

Айта кетейік, биылғы жазғы сауат ашу курсына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 350-ден астам шәкірт қатысып, оның ішінде «Халифа Алтай» мешітінде 140 оқушы дәріс алды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру