Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыағаш медресе колледжінде қорытынды емтихан басталды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.06.2025 1892 0 пікір
Сарыағаш медресе колледжінде қорытынды емтихан басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, еліміздегі беделді діни оқу орындарының бірі – Сарыағаш медресе колледжінде 2024–2025 оқу жылының бітіруші түлектері үшін маңызды әрі жауапты кезеңнің шымылдығы түрілді. Студенттік өмірдің соңғы сатысына қадам басқан шәкірттер қорытынды емтихан тапсыруға кірісті.

Шәкірттерге ҚМДБ Діни сараптау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков пен Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Кожин сәттілік тіледі.

Сарыағаш медресе колледжі – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы діни оқу орындарының бірі ретінде өз беделін жоғары деңгейде сақтап келе жатқан білім ордасы. Бұл мекеменің қабырғасынан түлеп ұшқан мыңдаған түлек бүгінде еліміздің әр аймағында елге қызмет жасап, ұстаз, діни қызметкер ретінде халқымыздың рухани өсуіне қызмет етуде.

Бұл емтихан – тек білім тексерісі ғана емес, сонымен қатар жүректегі иманның, көкіректегі рухани тазалықтың, сананың сергектігінің де сыналар шағы. Түлектерге сәттілік пен жеңіс тілей отырып, олардың болашақта халқымыздың рухани өмірінің шырақшыларына айналуына тілектеспіз.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру