Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы басталды

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 10.06.2025 776 0 пікір
Алматы: «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы басталды

Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ бастамасымен «Имани жаз - 2025» жазғы сауат ашу курсы салтанатты түрде ашылды.

Игі шараға қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, жазғы демалыс уақытында діни білім алуға ниеттенген балаларға сәттілік тіледі. Орталық мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дәріс кестелерімен таныстырды.

Ұл балаларға Орталық мешіт ұстаздары, ал қыздарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші студенттері білім береді. Діни сауат ашу курсында имандылық әліппесі, Құран әліппесі, Мұсылманның 40 парызы бойынша дәрістер өткізіліп, рухани азық болар сабақтар мен ойын-сауық уақыттары да қарастырылған.

Балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, пайдалы ілім алуларына дұға жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру