Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: ҚМДБ қабылдаған құжаттар таныстырылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2025 751 0 пікір
Шымкент: ҚМДБ қабылдаған құжаттар таныстырылды

Шымкент қаласындағы «Сейтжан қари» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен екі маңызды форум өтті. Атап айтқанда, «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» атты қалалық имамдар форумы мен «Қажының рухани келбеті» атты аймақтық қажылар форумы ұйымдастырылды.

Шаралар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында өтті. Форумдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, қажылық компания өкілдері, мешіт имамдары, әжелер мектебі және 200-ге жуық азамат қатысты.

Іс-шаралар қасиетті Құран аяттарымен ашылып, ҚМДБ-ның жыл басынан бері атқарған жұмыстарымен таныстырумен жалғасты. Форум барысында «Қажының рухани келбеті», «Отбасы құндылығы» және «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» тұғырнамалық құжаттары таныстырылып, жан-жақты түсіндірілді.

Аталған құжаттарды қала мешіттерінде кеңінен насихаттау мақсатында бес ауданда кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланды. Форумдар жұмысы жергілікті телеарналар арқылы ақпараттандырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру