
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шара аясында облыс орталығындағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған 40 отбасыға әлеуметтік азық-түлік себеттері үлестірілді. Сауапты іске Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлы қолдау білдіріп, қайырымдылық жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттың демеушілігі арқылы жүзеге асты.
Аталған шараға Қарағанды облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Асылхан Рахымжанұлы ұйытқы болды.
Бұл игі амал қоғамдағы өзара түсіністік пен ізгілік құндылықтарын арттырып, ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру