Қызылорда қаласындағы «Мырқы қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабы негізінде қалалық білім сайысы өтті.
Шараны ҚМДБ «Жастар ісі» секторы ұйымдастырды. Мақсаты – жастарға дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау.
Сайыс нәтижесінде І орынды «Мырқы қажы» мешітінің шәкірті Әли Маратұлы, ІІ орынды «Әл Уәли» мешітінің шәкірті Хамит Нұрболат, ал ІІІ орынды «Құддыс ишан» мешітінің шәкірті Ислам Құрманғазыұлы иеленді.
Жеңімпаздар диплом және қаржылай сертификатпен марапатталды. «Қалмұхаммед ишан» мешітінен Төребек Кенжебекұлы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру