Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан семейлік студенттермен кездесті.
Кездесу барысында бас имам студенттермен рухани сұхбат құрып, білім алудың маңыздылығы мен діни қызметтің жауапкершілігі жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жас мамандарды туған өлкеге діни қызметке келуге шақырып, өңірде қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Асқар Әбітайұлы шәкірттерге ілімнің зекетін беру, еңбекқор болу, табандылық таныту сынды тақырыптарда тағылымды кеңестер айтып, елге қызмет етудің мәні мен маңызына тоқталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
09.04.2025
1360
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру