Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау көшелерінде Жарапазан жыры айтылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 19.03.2025 1140 0 пікір
Ақтау көшелерінде Жарапазан жыры айтылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтау қаласының көшелерінде жарапазан жыры айтылды.

Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында өткен игі шараға облыс бас имамы Әнуар Елжанов, Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің қызметкерлері, өнерпаздар, балалар ,ақсақал, әже-апалар қатысты. Жарапазан – он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр.

Дәстүрлі шара соңында облыс бас имамы барша жанды қасиетті Рамазан айымен, сондай-ақ ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, игі шараға қатысқан жандарға алғыс айтты.

       

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру