
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында әйел жамағатына арналған семинар өтті.
Іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева және Павлодар облысы бойынша сектордың жауапты маманы Ақерке Тұрғанбай арнайы қатысып, отбасы құндылығы, салт-дәстүр тақырыбында уағыз айтты.
ҚМДБ 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Семинарда отбасының құндылықтары, әйел мен ердің міндеттері, ата-ананың балаға беретін тәлім-тәрбиесі туралы уағыз айтты. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде үлгі болған асыл аналардың және қазақ халқының тарихында қалған ардақты әжелеріміздің даналығы туралы айтылды.
Соңында, ұстаздарға және әйел жамағатына әжелеріміз бата беріп, рухани тәрбие кездесу үшін алғыс білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру