Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 04.03.2025 920 0 пікір
Шымкентте балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында жас балаларға қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Игі шараға Шымкент қаласы Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінің бас имамы Ерман Бекбауов, «Зекет және қайырымдылық» қорының және «Әйел-қыздар» секторының өкілдері т.б. еріктілер қатысты. Рухани шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан кейін Ерман Бекбауов имамы балаларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында демеушілік көрсеткен жандарға алғыс айтып, ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру