
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы және Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Қостанай облысы Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешітінің ұжымы аймақтық жамағат арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.
Сайысқа қатысушылар қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру, садақ ату секілді спорт түрлерінен бақтарын сынады.
Аталмыш шараға Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев және қадірменді ақсақал Ноян Төртқараев арнайы шақырылды. Онда бас имам сөз алып, ұлттық құндылығымызды құрметтеу, сонымен қатар еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет еткен Алаш ардақтыларын ұлықтау мен насихаттау – жас ұрпаққа жүктелер үлкен міндет екендігіне тоқталды.
Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болғандар мақтау қағазымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Тағылымды шараның жоғары деңгейде өтуіне өңірімізге танымал азаматтар Бақберген Қасымұлы, Алмат Қобыландыұлы және Сағынтай Шәйзадаұлы демеушілік етті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру