
Жуырда Алматы облысындағы Діни басқармаға қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттілік» тақырыбында ұйымдастырған арнайы курсқа қатысты.
Теориялық және тәжірибелік сабақтармен қатар курс спикерлері Саметова Ж.Х., Арзымбетова С.Ж. тыңдаушылармен бірге жасанды интеллект мүмкіндіктері, ХХІ-ғасыр дағдыларын жетілдіру (hard skills, soft skills, human skills, mobility skills, action research), мәдениетаралық байланыстарды нығайту және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізді. Курс соңында қорытынды тестілеу мен жоба қорғау рәсімі өткізіліп, ұлттық орталық атынан қатысушыларға салтанатты түрде сертификат табыс етілді.
«Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры Мәди Тәттібаев бастаған ұстаздар оқу бағдарламасын ұйымдастырушы «Өрлеу» орталығына, әрі спикерлерге алғысын айтып, осы сипаттағы бастамалардың алдағы уақытта өз жалғасын табатынына сенім білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру