Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдардың алғашқы жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 03.02.2025 1008 0 пікір
Қызылорда: Имамдардың алғашқы жиыны өтті

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлының төрағалығымен өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.

Қала және аудандық мешіттердің бас имамдары қатысқан жиналыста 2025 жылда басымдық берілетін бағыттар, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы, діни басқарманың жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.

Айта кетейік, Астана қаласында өткен төралқа мәжілісінде Бас мүфти биылғы жылды – «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялап, дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарын негізге алынатын төрт бағыт ретінде атап өткен болатын. Сонымен бірге діни басқарманың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірқатар жобалар жүзеге асырылып, айтулы шаралар ұйымдастырылатынын хабарлаған.

Бас имам жиын соңында аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтауда мешіт қызметкерлері маңызды рөл атқаратынын түсіндіріп, бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ бірқатар имамдарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру