
ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы өңірдегі кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау шараларына технолог Нұрбек Қанатұлы, Әселхан Сәбитқызы, Жансая Есіркеген де қатысты. Аудит барысында «Yakar» кондитерлік кәсіпорны, «Первомайские деликатесы», «Беккер и К», «Прайм Агро Сервис» шұжық цехтары, «Бижан» ет өңдеу зауыты, «Тамаша», «Восточный двор» қоғамдық тамақтану орындары, «Dameli», «Salam Bro», «Doner na Abaya», «Gippo», «Bahandi», «Doner na Satpayeva» фаст-фуд дәмханалары, «Романовский Продукт» кәсіпорны, «Магнум» сауда орындары, «ETAL», «Royal Meat Qazaqstan», «Paradigm Build», «Etmart», «Нарбаев», «Foodlogg» ет дүкендері тексерілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі жан-жақты қарастырылып, шикізат көздері, өндіріс процестері, санитарлық-гигиеналық жағдайлары және өнім сапасы жіті бақылаудан өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің халал талаптары бойынша білімі сараланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Халал Даму» мекемесі тарапынан айлық аудит жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, халал индустриясындағы сапа мен сенімділікті арттыруға бағытталған бақылау шаралары күшейтілуде», – деген Айбек Асқарбекұлы аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. Ал, тексеріс нәтижесінде кейбір кәсіпорындарда анықталған кемшіліктерді жою бойынша ескертулер жасалып, стандарт талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.
Сондай-ақ, іс-сапар барысында Алматы облысы Қонаев қаласы, «Қапшағай» орталық мешітінде жергілікті имамдарға халал жөнінде оқу-семинар өткізілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру